
Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев өнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелерді, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдау мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға «Максам Казахстан» ЖШС, «CNLC International Kazakhstan Inc» ЖШС (КНЛК Интернешнл Казахстан Инк) және “FracJet” ЖШС басшылары келді.
Қабылдауға келушілердің негізгі сұрақтары экспортқа арналған ерекше тауарларға лицензия алу мәселесі бойынша, сондай-ақ жарылғыш заттарды импорт/экспортқа лицензия алу мәселелері бойынша болды. Кездесу барысында кәсіпкерлер өздерін толғандыратын мәселелерді ашық айтып, қажетті ақпаратты алды. Азамат Панбаев ұсыныстарды тыңдап, мемлекеттік органдардың бизнеске қолдау көрсетуі үшін нақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Мұндай қабылдаулар кәсіпкерлерге өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге, сондай-ақ жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік берді.