
ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасы Азамат Панбаев ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының 30 жылдығы және Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының 15 жылдығы аясында өтіп жатқан «Инновациялар және минералдық шикізатты кешенді өңдеу – экономиканы әртараптандырудың өзекті құрамдас бөліктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол осмий-187 изотопы, Қазақстандық ферросиликоалюминий қорытпасы, сондай-ақ қорғасынды алудың автогенді электр процессі (КИВЦЭТ) сияқты жаңа технологиялар секілді Қазақстан ғылымының маңызды жетістіктерін атап өткен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың құттықтауын жеткізді. Бұл технологиялар бүкіл әлемде танымал және қолданылады!
Конференция минералдық шикізатты кешенді өңдеу мәселелеріне және экономиканы дамытудағы ғылымның рөліне арналады. 🇰🇿 Қазақстан вольфрам мен хром рудасының қоры бойынша әлемде көшбасшы болып табылады, бұл еліміздің орасан зор шикізат әлеуетін дәлелдейді.