Талдау сапасы-кенді өңдеу тиімділігінің кепілі!

Талдау сапасы-кенді өңдеу тиімділігінің кепілі!

Қазіргі уақытта Қазақстанда кендерді кешенді өңдеуге көп көңіл бөлінеді. Кендерді іздеу, барлау және өңдеу кезінде шешуші рөлді сапалы орындалған аналитикалық жұмыстардың нәтижелері атқарады. Өндіруден бастап түпкілікті өнімге дейінгі барлық кезеңдердегі жұмыстардың бұл түрлері сапаны тұрақты бақылауды, шығындарды азайтуды және тау-кен өндірісінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» («ШҒЗКМТМИ») филиалында талдамалық жұмыстарды орындайтын ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігіне Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген Сынақ орталығы бар. 

«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ мамандарының пікірінше, менеджмент жүйесіндегі бұл стандарт сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігін бағалаудың негізі болып табылады. Субъектінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігі оның басқару жүйесі, әкімшілік және техникалық қызметі халықаралық деңгейде танылған стандарттарға сәйкес келетіндігін және бұл субъектілер ISO 9001 қағидаттарына сәйкес жұмыс істейтіндігін білдіреді.

ВНИИцветметтің Сынақ орталығы минералды шикізатқа, түсті металлургия өнімдеріне және қоршаған орта объектілеріне бақылау, аттестаттау талдауларын, геологиялық сынамаларды сыртқы және ішкі бақылауды орындайды. Өнеркәсіптік кәсіпорындар сынақ орталығының деректері негізінде бастапқы шикізат пен соңғы өнімдердің сапасын бақылайды, уақтылы түзету шараларын қабылдайды.  Бұл сапасыз өнімдерді өндіру тәуекелдерін азайтуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.