
Бұрғылау және жару әдісі тау-кенжұмыстарында негізгіболыптабыладыАлайда, оның маңызды кемшілігі-кеннің сапасының төмендеуі, ірікесек шығымыжарылыскезіндепайдаболатын сейсмикалық толқындардың өндірістің құрылымдық элементтеріне жойқын әсері. Мұның бәрі шахтадағы геомеханикалық жағдайды едәуір нашарлатады
Кенді өндірудің ашық әдісімен ірікесекшығымы орта есеппен 3% - дан асадыкейде кенніңкөлеміне қарай 25-30% жетедіІрікесекшығымының болуы айтарлықтай (20-30 %), көлік учаскесінің өнімділігін төмендетеді. Ірікесектіұсақтау кәсіпорындардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, жарылғыш заттардың (ЖЗ) едәуір шығынына (бастапқы уатымға арналған ЖЗ шығынының 40-130%-на дейін), кеніш атмосферасының газдануымен шаңдануының, жұмыс құныныңбағасының (өндіру жұмыстарындағы барлық шығындардың 20-35%на дейін)жоғарылауына әкеледі.
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Д.А. Қонаев атындағы тау-кен істері институты» филиалының ғалымдарыосы мәселені шешудіұсынды. Карьерлердегіірі кесекті бұзу үшін алғаш ретэлектромагниттік балғаның (ЭМБ) прототипіжасалдыТәжірибиелік жұмыстар сәтті жүргізілді. ЭМБ кез-келгенберіктік пен түрпіліктің үлкен мөлшерін жоя алатындығы анықталды. ЭМБ-ның бірегейлігі экскаваторлардың кез-келген түріне (электрлік, гидравликалық) қондырма ретіндежұмыс істеу мүмкіндігінде.
Әдетте, қатты жыныстардыжою үшін пневматикалық, гидро және электромагниттікбалғалардың көмегімен жүзеге асырылатынмеханикалық соққы әдістері қолданылады. Әзірленген ЭМБ айтарлықтай бәсекелестік артықшылықтарға ие, өйткені олқолайсызклиматтық жағдайларда (төмен температура) жұмыс істейалады және электрэнергиясын соққы энергиясынатікелей түрлендірудің арқасында жоғары тиімділіккоэффициентіне (ЖТК) иеСонымен қатар, ЭМБ автоматтандыруға бейімделген, бөлшектерді дәл өңдеуді қажет етпейді және сенімді экологиялық таза.
ЭМБ қолданудың экономикалық әсерін "ССКӨБ" АҚ мысалында көрсетуге боладыІрі кесек шығымышамамен 2 % - дан шыққан кездеЖЗ көлемінің 30% - ға төмендеуі есебіненэкономикалық тиімділікжылынашамамен 192 мың долларды құрайды.