
"Zhamal-ai LTD" ЖШС Маңғыстау облысындағы жетекші өндірушілердің бірі болып табылады, кәсіпорын мұнай, құрылыс компаниялары мен күш құрылымдары үшін арнайы аяқ киім, сондай-ақ арнайы киім мен мектеп формасын шығаруға мамандандырылған.
Зауыт 27 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, осы аралықта өзін отандық нарықта жақсы жағынан көрсете білді. Кәсіпорын бірнеше рет республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің жеңімпазы және жүлдегері болды. Мұнда 160 адам еңбек етеді. Мектеп бітіргеннен кейін бірден осында жұмыс істеуге келген жастар оқудан өтіп, жұмыс біліктілігін алады. Кәсіпорын цехтары заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған және арнайы киім мен аяқ киім дайындау үшін қажетті шикізатпен толық қамтамасыз етілген. Кәсіпорын өнімі мұнай-газ, құрылыс және басқа да өнеркәсіп салалары мамандары арасында, сондай-ақ оқушылар мен әскери қызметкерлерде жоғары бағаға ие.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты – арнайы аяқ киім бойынша-120 000 жұп, 40 000 жиынтық арнайы киім,сондай-ақ жылына 3000 жұп күнделікті аяқ киім. Кәсіпорын өндірісінің көлемі өңірдің барлық өндіріс ошақтарын арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көптеген жылдар бойы кәсіпорын аймақтың жетекші мұнай компанияларымен ынтымақтасып келеді. Сондай-ақ итальяндық мамандармен бірге әскери қызметшілер үшін офицерлік қысқа қонышты бәтеңкелер, биік қонышты бәтеңкелер әзірленді. Бұл өнім ҚР ҚМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі үшін жүзеге асырылды.
Шығарылатын өнімнің техникалық деңгейі стандарттардың нормативтік талаптарына толығымен сәйкес келеді. Арнайы аяқ киім өндірісінде жоғары сапалы материалдар (шикізат) – әртүрлі қалыңдығы мен қасиеті бар ІҚМ-ның табиғи терісі, ауа өткізбейтін төсемі, жалпы қызметкерлерді мұнай мен мұнай өнімдерінің түсуінен қорғау үшін арнайы ұлтарақ қолданылады.
Кәсіпорында 2001 жылдан бастап ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа Менеджменті Жүйесі, ҚР СТ OHSAS 18001-2008 Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті, ҚР СТ ИСО 14001-2006 Экологиялық менеджмент жүйесі енгізілді және жұмыс істейді, аяқ киім және тігін бұйымдарын өндіру үшін сәйкестік сертификаты алынды.
Бұдан бөлек, өндіріс ошағында 2015 жылдан бастап жеке брендтік күнделікті аяқ киім шығарыла бастады. "SHARKEY" мокасиндері көпшіліктің сұранысына ие. Олар Түркия, Италия және Ресейдің жоғары сапалы терісінен жасалған. Мокасиндердің табаны зауытта арнайы әзірленген, ол бүгінгі күні ең жақсы болып саналатын термопластикалық материалдан жасалған. Бұл үшін шикізат шетелде арнайы сатып алынады.
Табанның өзіндік дизайны бар, онда тауардың Қазақстанда шығарылғаны көрсетілген. Мокасиндерді әйелдерге 33-тен 41-ге дейінгі өлшемдерге, ал ер азаматтарға 38-ден 46-ға дейінгі өлшемдерге тапсырыс беруге болады. Бұл кез-келген киімге сәйкес келетін сәнді, әдемі және ыңғайлы аяқ киім.
Айта кету керек, аяқ киім өндірісі жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған, кәсіпорында көлденең-тұйық конвейерлер орнатылған, өндіріс келесі учаскелерден тұрады: пішу учаскесі, дайындау, құрастыру және құю учаскесі.
Қазіргі уақытта фабрика ұжымы нарықтағы бәсекеге қабілетті тауарға және кәсіпорынның экономикалық өсуіне қол жеткізуге бағытталған жаңа технологияларды игеруге және жетілдіруге ұмтылуда.
Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 21 ш / а. № 13 ғимарат.
Тел.: 8 (7292) 605-335,
E mail:jamal-business@mail.ru