Ержан Иманслям туралы

Ержан Иманслям туралы

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ержан Иманслямды Павлодар қаласының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтайды. Павлодар әкімі болып тағайындалғанға дейін Ержан Иманслям ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және индустриалық даму комитетінің машина жасау басқармасына жетекшілік етіп,  саланың дамуына үлес қосты.

Ержан Иманслям 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 1991 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын (техник-механик), 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы – Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану саласындағы бакалавр; заң ғылымдарының магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумнан кейін Ержан Иманслям Қашыр  кентіндегі құрылыс материалдары мен конструкциялар комбинатында слесарь-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлеріндегі қызметтен кейін Павлодардағы "Энергожилстрой 1" құрылыс басқармасының монтажшысы болды.

1994-2000 жылдар аралығында Ержан Иманслям Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2005-2008 жылдары Қашыр ауданы әкімдігінде жұмыс істеді, оның ішінде әкім аппаратына басшылық етті.

2008 жылдан 2011 жылға дейін Ержан Иманслям Ақсу қаласы әкімдігінде жұмыс істеді. Қала әкімінің орынбасары болды.

2011–2013 жылдар аралығында Ержан Иманслям Павлодар әкімі аппаратының басшысы, 2013-2014 жылдар аралығында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сондай-ақ Тайынша ауданының әкімі болды.