
«KamaTyresKZ» ЖШС зауыты ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жабдықтарды сынау аясында шамамен 43 449 шина шығарды.
1 шілдеде зауыт іске қосу актісіне қол қойды. Сол айда 30 мыңға жуық шина шығарылды. Оның ішінде 29 мыңға жуық бірлік жеңіл көліктерге арналған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 3 млн жеңіл және 500 мың жүк көлік шинасы, құны 228 млрд теңге құрайды.
Қазір «Attar» брендімен жеңіл шиналары шығарылуда.
Ағымдағы жылы көлемді кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы 1 миллионға жуық шина шығару жоспарлануда. Толық жобалық қуаттылыққа шығу 2027 жылға қарай күтілуде.
Бұл ретте зауыт дистрибьюторлармен және автоөндірушілермен алғашқы өнімдерді жеткізу бойынша жұмыс істеуде, олардың арасында «Allur» тобы, «Астана Моторс», «Kia Qazaqstan», «QazTehna», «Камаз-Инжиниринг» және т.б. бар.