
2020 жылдғы 23 шілдесінде Қазақстан Республикасын Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірлесіп, қарағанды өңірінің өнеркәсібін цифрландыру мәселелерін талқылау бойынша жиналысқа қатысты.
Жиналысқа әкімдік өкілдері, аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының («ИТП» ДКҚ) өкілдері қатысты.
«Қарағанды облысы еліміздің жетекші индустриялық аймағы болып қала береді. Аймақ өнеркәсібі облыс экономикасының жартысын құрайды» - вице-министр Д. Р. Щеглова деп атап өтті.
«Мысалы, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Қарағанды облысының кәсіпорындары қазірдің өзінде 30-дан астам цифрлық жобаны жүзеге асыруда («АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Алтыналмас» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ және т.б.) және өңір тек осы жобалармен шектелмейді» - вице-министр деп жалғастырды.
Сондай-ақ, Д. Р. Щеглова Министрліктің өнеркәсіптік объектілерді цифрландыруға бағытталған кейбір бастамалары туралы қысқаша айтып берді:
- «ИТП» ДКҚ және «QazIndustry» АҚ бірлесіп құрылған технологиялық платформаның көмегімен отандық өнеркәсіптік және АТ кәсіпорындарын қолдаудың Экожүйесін құру қажеттілігі;
- өнеркәсіпті цифрландыру және Индустрияға 4.0 көшу үшін жағдай жасау бойынша негізгі қадамдарды анықтау;
«Цифрлық Қазақстан» МБ енгізу үшін кәсіпорындарды цифрландыру бойынша ұсыныстар.
Облыстың Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының м.а. К. Г. Шорманбаевтың сөз сөйлеуі барысында өңірдің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары базасында автоматтандыру және цифрландыру деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан дәйекті жұмыс туралы айтылды.
Представители АКФ ПИТ «TechGarden» презентовали цифровую трансформацию и создание центра компетенции ГМК в Карагандинской области.
«TechGarden» «ИТП» ДКҚ өкілдері Қарағанды облысында ТМК құзыреттілік орталығын құру және цифрлық трансформацияны таныстырды.
Орталықты құру жаңа технологиялар (виртуалды шындық, 3D-принтинг, өндірістің жаңа тәсілдері), жаңа материалдар мен олармен жұмыс істеу әдістерін, жылдам прототиптеу дағдыларын, энерготиімді технологияларды және т. б. білімдерге ие болатын бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Алтыналмас АК» АҚ Вице - президенті Ж.Б. Аманжолова ағымдағы жағдай және модельді цифрлық фабрика құру туралы қысқаша баяндады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдері жүйе құраушы кәсіпорындарда цифрландыру туралы тыңдалды.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша, жиналыстың қорытындысы бойынша, Министрлік пен Қарағанды облысы әкімдігінің осы бағыттағы бірлескен жұмысы бойынша міндеттер анықталды.
Министрлік пен әкімдік қабылдаған бірлескен шаралар өнеркәсіпті цифрландыру деңгейін арттыруға және өнеркәсіптік кәсіпорындарды индустрияға 4.0 көшіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.