
Бүгін Рудный қаласында Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті, Қазақстан Республикасы Энергетика және Инвестициялар және даму министрліктері өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өтті.
Отырысқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Энергетика Бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамедов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк, «ССТКӨӨ» АҚ Президенті Береке Мухаметкалиев пен аймақтың шикізат өңдеу компаниясының өкілдері мен облыстық Мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын талқылу және Қатты пайдалы қазбаларды барлау және даярлауды реттеудің халықаралық стандарттарына өту мәселесін қарастыру.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасын дайындауға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Парламентің алтыншы отырысын ашу кезіндегі және 2017 жылғы халыққа жолдауында айтылған тапсырмалары және де «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында 74 және 75-қадамдарды жүзеге асыру негіз болды.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында өндіруші саланы ұлттық экономиканың негізгі бөлшегі ретінде реформалауды, сонымен қоса, Қазақстанның геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығу керектігін, ол үшін шикізатты пайдалану туралы заңды жеңілдету арқылы инвестициялар тарту қажеттілігіне баса назар аударған болатын.
Отырыс барысында жер қойнауын заңнамалық тұрғыда реттеуді талап ететін Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекс жобасының кейбір мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, Кодексті жобасын жылдың аяғына дейін қабылдау жоспарланған. Қазіргі уақытта «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының қарауында.
