Қазақстандық компания Қытайға күнбағыс майын жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойды

Қазақстандық компания Қытайға күнбағыс майын жеткізу туралы келісім-шартқа қол қойды

Бүгін Үрімшіде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырған Қазақстан-Қытай бизнес форумы өтті. Оған 13 қазақстандық өндіруші мен 100-ге тарта қытайлық әлеуетті сатып алушы қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында автокөлік, шыны талшықты құбырларын, минералды тыңайтқыштар, май және мұнай өнімдерін, алкоголь және алкогольсіз сусындарды, құрғақ бие сүтін, нан өнімдерін, алма өндірушілер бар.

Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады және ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы. Қазақстан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ет және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді және т.б. өндіруде зор әлеуетке ие.

Іс-шара аясында «ЭФКО Қазахстан» компаниясы мен Қытайдың СУПКО Синьцзян компаниясы арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға және 1000 тонна күнбағыс майын жеткізу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.

«ЭФКО Қазахстан» компаниясыныңөкілі ДаниярРозыбакиевтың айтуынша: «Бүгінгі күні COFCO Қытайдағы мұнай өнімдері мен басқа да азық-түлік өнімдерінің ірі өндірушісі және дистрибьюторы болып табылады, оныңөнімі ел халқының жартысына жуығын құрайды». Қытай ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі біздің негізгі әріптесіміз және біздің компаниямыз Қазақстан-Қытай қатынасын дамытуға барынша күш салады

«2017 жылы екі елдің аграрлық сектор бойынша ынтымақтастығының дамуы серпінді болды. Қазақстан мен Қытай үкіметінің нәтижелі жұмысының арқасында қазақстандықөнімдерді жеткізу мәселесі біртіндеп шешілуде.Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» барлық мүдделі отандықөндірушілерге Қытайдағы, әсіресе, СУАР-да әлеуетті серіктестерді іздестіруге көмектесуге дайын. Себебі ол қазақстандықөнімдерді өткізуге жақын нарық. Биыл біз Гуанчжоу, Шанхай, Наньнин, Гонконг елдеріне отандық өндірушілерді таныстырдық. Нәтижесінде қазақстандық бал, мұздатылған ет, сары май, балмұздақ және басқа да өнімдерді Қытай нарығына жеткізу басталды»,-деді «KAZAKH INVESTҰК» АҚ департаментінің директоры Нұрлан Құдияров.

Тұтастай алғанда, іс-шараныңқорытындысы бойынша 5,3 млн. АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісім-шарттар жасалды.

Бұл «KAZAKH INVEST» АҚ-ңҮрімшіде өткізіп жатқан 7-шііс-шарасы

Өткен сауда миссияларыныңқорытындысы бойынша 70 млн. АҚШ долларынан астам сомаға келісімшарттар жасалды.

2017 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 31% -ға артып, 6,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт 3,5 миллиард АҚШ долларын құрады (28 пайызға өсті), импорт 3 миллиард АҚШ долларын құрады (36 пайызға өсті).

Анықтама: China National Cereals, Oilsand Foodstuffs Corporation (COFCO) - астық, май және азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған қытай ұлттық корпорациясы; холдинг Қытай Халық РеспубликасыныңҮкіметіне тиесілі. COFCO - Қытайдағы 49 ірі мемлекеттік кәсіпорынның бірі және «Fortune» іскерлік журналының рейтингі бойынша «Топ-500» қатарына кіреді.