
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде ақпараттық жұмыстарға жауапты басшылар мен қызметкерлерге арналған семинар ұйымдастырылды. Оған белгілі журналист, informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қатысты. Семинарда ақпараттық жұмыстарды тиімді жүргізу, дағдарысқа қарсы жұмысты ұйымдастыру және ішкі коммуникацияны жетілдіру мәселелері талқыланды. Семинарға Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының 40-тан астам баспасөз қызметкері қатысты.


