
Бейне конференц байланыс режимінде Индустрия 4.0 мәселесі бойынша Қостанай облысы өнеркәсіп орындарының тыңдауы өтті.
Кездесуге өнеркәсіп, мемлекеттік сектор және ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.
Кәсіпорындарды цифрландыру бойынша «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасына енгізілген инициативалар және Smart Industry Management Platform (SIMP) құру тұжырымдамасы көрсетілді.
Өз кезегінде Қостанай облысының әкімдігі кәсіпорындарда цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Бүгінгі таңда, 110-нан астам өнеркәсіп кәсіпорындары SIMP-тегі сауалнамадан өтті және терең талдауға арналған 15 кәсіпорынның тізімі бекітілді, сонымен қатар адами капиталды дамыту бойынша Компетенция Орталығын құру жұмыстары жүргізілуде.