
2017 жылғы 11 қарашада «Туған жер» бағдарламасын іске асыруға бағытталған, Қызылорда облысы әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының барлық аумағында «Тал күні» акциясы өткізілді. Акцияға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріде қатысып, «Қорқыт Ата» әуе жайы жолының бойында белгіленген аумаққа қажетті ағаш көшеттерін отырғызып, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарына ат салысты.