
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жұмыс жоспарына және 2017 жылдың екінші жарты жылдығына «ерекше тәртіп бойынша» тексеру кестесіне сәйкес, 31.08.2017 жылы тексеру тағайындау туралы № 81 актінің негізінде, «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің цехтары мен бөлімшелерінде 2017 жылғы 4 қыркүйектегі бастап 13 қазанға дейін тексеріс өтті. Тексерумен қамтылған сұрақтар: жабдықтардың жай-күйі, желдетіс жағдайы, аварияларды жою жоспары, өндірістік үрдістерді механикаландыру және автоматтандыру, көтергіш құрылғылар жай-күйі, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жай-күйі, нормативтік пайдалану мерзімін өткерген техникалық құрылғыларды дер кезінде жаңарту, ғимараттар мен құрылыстар жағдайы. Тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік инспекторлар қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының есебін жүргізеді.
31.08.2017 жылдың тексеру тағайындау туралы № 81 актінің негізінде «ерекше тәртіп бойынша» тексеру жүргізу барысында «Казцинк» ЖШС Өскемен металлургия кешенінің бөлімшелерінде Департаменттің инспекторлық құрамымен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 182 бұзушылығы анықталды. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексінің 298-бабының 1-бөлігіне сәйкес жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 158 830 теңге сомасында 14 жеке тұлға тартылды.
