Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалады

13 қараша күні Франкфуртте «Германиядағы Қазақстан экономика апталығы» басталған болатын. Іс-шара келісім шарттардың кең ауқымды іске асырылу мақсатында өткізіліп жатыр.  Екі елдің басшылары осы жылдың шілде айында Астана қаласында өзара ынтымақтастық аясында әріптестік танытқан болатын.

Іс-шараның бірінші күні Германияның іскерлік астанасына ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың басшылығымен Қазақстандық делегациясы барды. 13 қараша күні қазақстандық шенеунік Possehl & Co. Компаниялар тобының атқарушы директоры Оттмар Ринхофф-Гембус және Ринхофф-Гембус холдингінің атқарушы директоры Райнер Бауманмен кездесті. Кездесу барысында немістің озық технологиясын енгізу арқылы Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту және ет өңдеу жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер» атты тақырыпта Германияның іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Атап айтқанда неміс тарапының BilfingerSAPBASF, Evonik, Thyssen-Krupp сияқты  және тағы басқа да  компания басшылары таныстырылды.

Кездесу Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі бастамасы бойынша Шығыс Еуропа елдерінің OMV қауымдастығының және Deutsche Bank AG қолдауымен ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының делегациясы құрамына Инвестициялар және даму министрлігінің, «Қазақинвест» АҚ,«Атамекен» ҰКП және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы мен «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері кірді.

Іс-шара барысында неміс қатысушылары ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктерінен хабардар етті. Негізгі назар жекешелендіру мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға неміс компанияларының қатысуы үшін транзиттік көлік саласында бірлескен жобаларды, мүмкіндіктерді, сондай-ақ үшінші индустриялық революция шеңберінде неміс технологиялары трансфертіне және бағдарламасы «Digital Kazakhstan» қолайлы инвестициялық климатқа аударылды.

Неміс бизнесінің өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуалын жоғары бағалады. Сондай-ақ, индустрияландыру бағдарламасы бойынша қазіргі жобалар мен жаңа жоспарлар туралы баяндалды.

Айта кету керек, «Қазақстан экономикасы апталығы» Германияның бірнеше ірі қалаларында екі елдің іскер топтарының кездесуі ағымдағы жылдың 16 қарашасына дейін жалғасады. Бұл іс-шара Германия экономикасы Шығыс комитетінің төрағасы Вольфганг Бухельдің биыл желтоқсан айында Астанаға алғашқы сапарына дайындық кезеңі болып саналады.

Фото: www.inform.kz