
2017 жылдың 1 қаңтары мен 14 қарашасы аралығында Қазақстан территориясында Қырғызстанның 22 192 жүк көлік құралы тексерілді. Оның ішінде 1376-сында заң бұзушылық анықталған. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың заң бұзушылық көрсеткіштерінен де асып түсті. Былтыр Қырғызстан тасымалдаушылары заңнаманы 1141 рет бұзған болатын.
Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар ішінде тауар-көлік жүк құжатының (CMR) болмауы – 516 рет; салмақ және габарит параметрлерін сақтамау - 288 рет; тез бүлінетін жүктерді тасымалдау сертификатының болмауы - 288; каботажды тасымал жасау –166 рет.
Басқа заң бұзушылықтардың ішінде жолаушыларды тұрақсыз тасымалдауға арналған қазақстандық рұқсат бланкілерінің болмау, халықаралық қатынастағы ҚР-ның автомобильмен тасымалдау жүйесінің рұқсаттама ережелерін қолдануды бұзу, жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу; қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу және тағы басқалары.