Қойма үй-жайларын бекітілген тізбеге енгізу қағидасы

Қойма үй-жайларын бекітілген тізбеге енгізу қағидасы

Қазақстанда аяқ киім тауарларын таңбалау ережесі өзгертіледі. Осылайша, импорттаушыларға кедендік рәсімдерден өткеннен кейін өз қоймаларының аумақтарында цифрлық кодтарды енгізуге рұқсат беру жоспарлануда. Ол үшін тауарды сақтау орындары белгіленген талаптарға сай болуы тиіс.

Атап айтқанда қойма:

1. Импорттаушы ретінде таңбалау мен қадағалау жүйесінде тіркелген меншік иесіне тиесілі;
2. Ғимаратта, құрылыста немесе бөлек тұрған;
3. Автокөліктер және азаматтардың қойма аумағына кіруі мен шығуын бақылауы;
4. Тауарларды таңбалау үшін қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған;
5. 30 күнтізбелік күн ішінде жазылған және оны бақылау мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларымен жабдықталған болуы тиіс.

Бұдан бөлек, қойма үй-жайларын бекітілген тізбеге енгізу үшін уәкілетті органға жүгінген кезде меншік иесінің де, жалға алған қойма иесінің де кедендік төлемдерді, салықтарды, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды төлеу бойынша берешегі болмауы тиіс.

Қойма ғимараттарына меншік құқығы немесе қойманы иелену құқығы қойманы жалдау туралы анықтамамен немесе келісім-шартпен расталуы тиіс. Техникалық сипаттамалары ғимараттың техникалық құжаттарымен және фотосуреттерімен расталады, ал жабдықтарды растау барысында құжаттардың электронды көшірмесі болуы шарт.

Барлық талаптар сақталған жағдайда, импорттаушы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне электронды немесе қағаз түрінде өтінім бере алады.

Қойманың сәйкестігін тексеру үрдісі 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

Қоймалар тізімін қалыптастыру/оған өзгерістер енгізу әр тоқсан сайын жүргізілетінін атап өткен жөн.