
«ТКШ Қаз Орталығы» АҚ Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен су технологиялары Жапон қауымдастығының (РОТОБО) делегациясымен кездесу өткізді. Оған Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасының және «Астана Су арнасы» МКК өкілдері қатысты. Кездесу Шымкент, Қарағанды мен Астанаға жапон делегацияларының осы өңірлерге жапон технологияларын енгізу мүмкіндіктерін зерттеу мақсатындағы сапары шеңберінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және Қазақстан Республикасының Жапониядағы елшілігінің қолдауымен өткізілді.
Жапон делегациясының құрамында Ресейдің және РОТОБО жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ғылыми-зерттеу институтының басшылары, Жапонияның ҚР-дағы елшілігінің және Toray Industries Inc., Mitsui & Company Ltd және Mitsubishi Corporation компанияларының өкілдері бар. Жапон компаниялары өз технологияларын, оның ішінде суды жылыту және бөлу жүйелері құбырларының тотығының жойылуы және қайтуы үшін мембраналар мен технологияны пайдалана отырып, суды тазартуға арналған өнімдерін таныстырды.
- Орталық Азия елдері жапондық озық технологияларды енгізу көмегімен халықтың өмір сапасын жақсарту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қызығушылық танытқанына қарамастан, Жапониядан осы елдерге технологиялар трансфері тіпті жүзеге асырылып жатқан жоқ. Сонымен қатар бұл жаңа іскерлік мүмкіндіктерді құруға және екі елдің экономикасының өсуіне ықпал ететін еді - деп атап өтті Ресейдің Экономика ҒЗИ және РОТОБО жаңа тәуелсіз мемлекеттер қауымдастығының директоры Мики Вадзима.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөнінде компанияның қызметі туралы айтып, ынтымақтастықта жұмыс істеуге қызығушылық танытты.
- Біз инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласындағы инновацияларды қызығушылықпен зерттеп отырмыз. Су технологияларын өндіру мен енгізудегі Жапонияның жоғары тәжірибесін ескере отырып, біз тығыз ынтымақтастыққа және бірлескен жемісті қызметке үміт артамыз. Бұл ретте біз сумен жабдықтау және су бұру секторына инновациялық технологияларды енгізудің әртүрлі тетіктерін, оның ішінде Жапонияның қаржы институттарының қарыздары арқылы және МЖӘ тетіктерін қарастырамыз, - деп атап өтті ол.
Жапония сумен жабдықтау саласында көшбасшылық жасайтын орындардың бірін алып отырғанын атап көрсеткен дұрыс. Мысалы, Токиодағы сумен жабдықтау жүйесі 13 миллионға жуық адамға қызмет көрсетеді және әлемдегі ең ірі және таңдаулы орталықтандырылған су құбыры жүйелерінің бірі болып табылады. Оның жерасты құбырларының ұзындығы жер экваторы ұзындығының жартысын құрайды, өзендер мен көлдерден су құбыры кранына дейінгі жолда суды жоғалтуы небәрі 3,1% құрайды.
ҚР Үкіметі сумен қамтамасыз ету мәселесіне көп көңіл бөліп отыр, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін елеулі қаржы ресурстары бөлінуде, мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Алайда, сектор бойынша міндеттер толық көлемде әлі шешілмеген, республикадағы халықты орталықтандырылған сумен жабдықтаумен жалпы қамтамасыз етілуі қанағаттанарлық емес күйінде қалып отыр. Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің осы және басқа да өзекті мәселелері ағымдағы айдың соңында парламенттік тыңдалымдар барысында қарастырылатын болады.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық кешені секторына инновацияларды енгізу үшін барынша оңтайлы нұсқаларды іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Компанияның мамандары барынша озық әрі тиімді технологияларды талдауда, Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, бюджеттен тыс инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен кездесулер өткізіп жатыр.
Анықтама үшін:
«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ(«ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.
Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда-саттық жөніндегі Жапония қауымдастығы (РОТОБО) 1967 жылы 16 қаңтарда негізі қаланды (сол уақытта - КСРО және Шығыс Еуропамен сауда-саттық жөніндегі Жапония қауымдастығы). Қауымдастық жапондық кәсіпорындар және Еуразияның бұрынғы социалистік мемлекеттер арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал жасайтын Жапониядағы бірден-бір ұйым болып табылады. Оның серіктес елдері Ресей, Украина, Беларусия, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Монғолия болып табылады.
РОТОБО-ға шамамен 200 мүшелер кіреді, оның ішінде сауда фирмалары, өнеркәсіптің әртүрлі саласының кәсіпорындары, банктер, қор компаниялары, салалық қауымдастықтар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау агенттіктері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
РОТОБО іскерлік топта жоғары беделді пайдаланып отыр және өз қызметінде Жапонияда да, серіктес елдерде де үкіметтік ұйымдармен тығыс байланыс жасауда.
