ТКШ-ЭКСПО және ҚҰРЫЛЫС-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ АШЫЛДЫ

ТКШ-ЭКСПО және ҚҰРЫЛЫС-2017 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласындағы «Көрме» орталығында «ТКШ-ЭКСПО және Құрылыс-2017» халықаралық форумының ашылуы болды. Форум «FairExpo» және «Экспо Сервис» көрме компаниялары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және Қазақстандағы БҰҰ Бағдарламасының қатысуымен өтеді. Биыл форумға 80-нан аса компания қатысады, олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс кешені салалық бағыттарының барынша маңызды бағыттарын талқылайды.

 «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев және Ресей Федерациясы Сауда өкілінің кеңесшісі Владимир Бендерский форумның ашылуында сөз сөйледі.

- Бүгінгі форумда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының технологиялық жаңалықтарымен танысу мүмкіндігіміз бар. Бұл іс-шара тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытуға ғана емес, сонымен бірге экономиканың аралас салаларына да жаңа қарқын береріне нық сенімдімін, - деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарманың төрағасы Нұрсұлтан Джиенбаев.

Форум шеңберінде Қазақстанның жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарын, сондай-ақ Ресейден, Беларусиядан, Украинадан, Германиядан, Түркиядан, Литвадан, Польшадан және Қытайдан келген компанияларды жинаған  «ТКШ – Экспо және құрылыс индустриясы» атты Х халықаралық көрмесі өтуде. «ТКШ ҚазОрталық» АҚ көрмеде инновациялық-техникалық және технологиялық шешімдерді, өнеркәсіптің әртүрлі салалары мамандарының белсенді қызығушылығын тудыратын қызықты жобаларды ұсынады. Бұл жерде жылыту және тұрмыстық қажеттіліктер үшін ыстық газды алуға арналған ағынды сулар тұнбасын кәдеге жарату технологиясымен танысуға, сондай-ақ ағынды суларды және газды тазарту үшін сорбенттер сияқты қатты отындардан, көмірден, тақтатастан алынған өнімдерді, органикалық-минералды тыңайтқыштарды, қатты отындар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша газификаторлық қондырғыларды көруге болады.

Форумның екінші күнінде «ТКШ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру және Қазақстан Республикасының тұрғын үй шаруашылығының елдік шолуын таныстыру» атты БҰҰДБ халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ(«ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.