
Қараша айының 15 мен 17 аралығында қазақстандық бизнес-делегация сауда миссиясымен Қазан қаласында болды. Бұл сапарды «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырды.
«Ресей-Қазақстан» бизнес-форумында металлургия, машина жасау, химия және азық-түлік өнеркәсібінің 29 отандық өндірушісі Ресей компанияларымен түрлі салалар бойынша 70-тен астам екіжақты келіссөздер жүргізді.
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов Нұрсұлтан Әбішұлына екі ел арасында қалыптасқан жылы қарым-қатынас үшін алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Рустам Минниханов Қазақстанның Татарстан үшін стратегиялық серіктес және екі елдің бір экономикалық кеңістікте екенін атап өтті.
«Бүгінгі бизнес-форум біздің елдеріміз арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық қарым-қатынастар үшін берік негіз қалайтынына сенімдімін. Мен ресейлік нарықта қазақстандық бизнеске сәттілік тілеймін», - деді Татарстан Президенті.
Аталмыш іс-шараны РФ-ның Сауда-өнеркәсіп палатасы мен «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ серіктесе атқарды.
Палата Президенті Сергей Катыриннің айтуынша, мол табиғи ресурстар шоғырланғанмен, халықтың аздығы мен өндіріс мүмкіндіктерінің төмендігіне байланысты Қиыр Шығысты және елдің шығысын дамытуды жолға қою жөнінде жоғары деңгейде саяси шешімдер қабылданды.
Осыған орай, қазақстандық өнімдердің келуі сапалы әрі қолжетімді бағамен нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
«Қазақстандық бизнеске Ресей, әсіресе Татарстан айрықша қызығушылық танытады. Бизнес-форумның қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілер азық-түлік, тұрмыстық химия мен жабдықтар жеткізу жөнінде «Эссен» және «Бахетле» сияқты ірі көтерме және бөлшек компаниялары экспорттық келісімшарттар жасасты. Бұл алаң ірі компаниялармен импортерлер мен дистрибьюторлармен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Келіссөздер әлі жалғасуда, және біз форумда ұсынылған экономиканың барлық секторларында келісімшарттарға қол қоямыз деп үміттенеміз»,-деді «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң Ресейдегі бас өкілі Сәбит Нарбаев.
«Орал трансформатор зауыты» ЖШС-нің басқарушы директоры Ақжол Сауранбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыртқы жарнама және ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласы бойынша Қазан қаласының салалық басқарма басшыларымен өткен кездесулер мен келісімдер туралы әңгімеледі.

