
Қанат Құрмашұлы Баитов 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
Түрлі жылдары тау-кен және қаржы салаларында жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары — металлургия және химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары тау-кен өндірісі өнеркәсібі басқармасын басқарды. 2011-2014 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы болды.
2014–2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылғы ақпан айынан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болды. 2019 жылы мамыр айында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Қанат Құрмашұлы Министрлікте 10 жылдан астам уақыт еңбек етті. Қазақстан өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты. Алғашқы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басында болып, екінші және үшінші бағдарламаларды әзірлеуге тікелей атсалысты. Ел экономикасының дамуына, оның ішінде шикізаттық емес секторларды дамытуға бағытталған бірқатар заңдарды қабылдауға бастамашы болды.
Қызмет еткен жылдары өнеркәсіп салаларын дамыту бойынша негізгі атқарушы, менеджер және идеялық шабыт берушілердің бірі болды. Әсіресе, дағдарыс жағдайларында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау, олардың өсу қарқынын дамыту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау және арттыру бойынша маңызды ұсыныстар мен жоспарларды ұсынып, іске асырды. Қанат Құрмашұлы өзін қағазбастылық пен бюрократиядан ада, нағыз кәсіби және ашық жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетті.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымы Қанат Құрмашұлына мықты денсаулық, бақ-береке және жаңа қызметінде тек табыс тілейді.