
ҚР Бас прокуратурасының ресми интернет ресурсында орналастырылған, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізудің 2017 жылдың екінші жартыжылдығына арналған кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 02 мен 31 қазан айы аралығында ҚР ИДМ ИДжӨҚК Атырау облысы бойынша департаментінің мұнай-химия, мұнай-газ өңдеу өнеркәсібінде мұнай өнімдері кәсіпорындарын мемлекеттік қадағалау бөлімімен «Рауан Налко» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілеріне ерекше тәртіп бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексеріс жүргізілді.
Тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша заңды тұлға «Рауан Налко» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

