
Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында мемлекет тарапынанотандық кәсіпорындардыңеңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққаілгерілетуге жұмсалған 470 млн теңгегешығындары өтелді. Бұл туралы QazIndustryАҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.
Жарты жыл ішінде 63 өтінім бойыншакәсіпорындардың469,8 миллион теңге көлеміндегішығындарының бір бөлігі өтелді, - делінген хабарламада.
Өңірлік бөліністе өтінімдердің басым бөлігіШымкент және Алматы қалаларынан, Қарағанды, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарыныңкәсіпорындарынан, ал салалық бөліністемашина жасау, жеңіл өнеркәсіп және АӨК кәсіпорындарынан (тамақ және сусындар өндірісі) келіп түсті.
Есептік кезеңде QazIndustryмамандарымемлекеттік ынталандыру шараларын алу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша байланыс телефондары арқылы 245 ауызша кеңес берген. Сондай-ақ, 11 семинар ұйымдастырып, 46 кәсіпорынға бару арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізген
Мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланған кейбір кәсіпорындарға тоқталатын болсақ
Gefest Pro металл бұйымдарын өндіру зауытына технологиялық процестерді жетілдірубағыты бойынша 9,6 млн теңгегешығындары өтелді. Қазіргі күні кабельдік трассаларды, электр және тарату қалқандарын төсеу жүйелері түрік жабдығы арқылы шығарылады. Компания металл өңдеу станоктарын сатып алу арқылы өндіріс көлемін арттырып отыр
Sagitex Group компаниясына цифрландырубағытынажұмсаған 24,9 миллион теңгешығындары өтелді. Трикотаждық киімдер өндірушікомпания айына 40 мыңнан астам өнім шығарады. Қазақстанда трикотаж бұйымдарына сұраныс артуда, сондықтан компания елімізде баламасы жоқ озық жабдықтарды сатып алу туралы шешім қабылдады. Зауытта өндірісті жоспарлау, тауарлық-материалдық қорларды басқару, өндірістік көрсеткіштерді бақылау және деректерді талдаумен айналысатын Business Process Management Systemбизнес-процестерді автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысы еңбек өнімділігін 20%-ға, кәсіпорын кірісін 12%-ға, өнім ассортиментін 10-15 атауға ұлғайтады деп күтілуде.
SMBGroup Family ЖШС 3 млн теңге көлемінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алды. Кәсіпорын биг-бэг, слинг-бэгвагон төсемдерін және полипропилен қаптарыншығарады.Зауыт 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Өндірістің кеңеюіне байланысты жабдықты сатып алуға көп қаражат жұмсалды, сондықтан оны орнату шығындарын өтеу мүмкіндігі кәсіпорын үшін өте маңызды болды. Өндірістегі дөңгелек тоқыма станоктары жабдықтың көлеміне байланысты бұрын орнатылмаған. QazIndustry станоктарды монтаждау шығындарын өтеді. Жаңа жабдықтың іске қосылуы өндірістің толық циклін қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, өнімге сұранысты арттыруға және кірісті 20-30% - ға арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда зауыттың қуаттылығы тәулігіне 20 тоннаға жетті.
Астана ЖМК зауытына 5 млн теңгеге шығындары өтелді. Бұл Қазақстандағы Еуропалық деңгейдегі жоғары технологиялық индустриялық лак-бояу жабындарын шығаратын жалғыз кәсіпорын. Компания қызметкерлерді оқыту мен тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру арқылы шикізат пен дайын өнімнің зертханалық сынақтарының сапасын жақсарту үшін жабдықтар сатып алды. Сапаны бақылаудың жаңа процестерін енгізу өндірістік қуаттылықты арттыруға және тағы 100 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өндіріс ауысымдық кестеге, яғни үздіксіз өндіріске көшті.
Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорындардың шығындарын өтеу туралы толық ақпараттыqazindustry.gov.kz сайтынаналуға болады немесеаптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндеріQazIndustry кеңсесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы) өтетін Ашық есік күндеріне қатысу арқылы білуге болады