
Отандық тағам өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Экспорттың жалпы көлемі 2 млрд. АҚШ долларынан асады немесе 145 млн. тонна өнім. Атап айтқанда, Ауғанстан, БАӘ мен Иранға ет пен құс еті және Қытайға өсімдік майы мен бал жеткізілімдері басталды»,-деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, фармацевтика өнімдері нарығында оң динамика бар. Отандық өндірушілердің жеткізілімі 34%-ға өсіп, 19 млн. АҚШ долларына дейін артты. Бұдан бөлек, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдері алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды.
«Ресей, Орталық Азия және Қытай Қазақстанның өңделген өнімдерді өткізетіннегізгі негізгі нарығы болып қала береді. Жыл басынан бері Ресейде тек қазақстандық өнімдерді сататын шамамен 20 мамандандырылған дүкен ашылды. Ресейдің дүкендері мен супермаркеттерінде қазақстандық азық-түлік өнімдерінің үлесі артып келеді. Отандық өндірістің уақтылы қызмет көрсетуі Ресейдегі тұз нарығының 13% -ын иеленуге мүмкіндік берді»,-деді Жеңіс Қасымбек өз сөзінде.
Инвестиция және даму министрінің айтуынша, қытай нарығы бизнес тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады. Бүгінгі күні өңделген өнім көлемі 2,5 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде 123 миллион доллар дайын өнім экспортына тиесілі.
Қытайдағы сервистік қолдау аясында 40 қазақстандық өндірушінің таныстырылымы өтті.
«Бейжіңде, Шанхайда, Гуанчжоуда және Үрімшіде жеке бизнес ретінде отандық компаниялар жеткізген азық-түлік өнімдерін сататын Қазақстанның сауда үйлері ашылды. Гонконгқа май мен құрғатылған бие сүті жеткізіле бастады. Сонымен қатар, қазақстандық өнімдерді Орталық Азия елдеріне жеткізу 30%-ға артты. Бұл елдерге жөнелтілетін жалпы экспорт көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Отандық экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету аясында, 2 миллиард доллардан астам сомаға экспорттық шарт жасай алатын 1500 өндіруші тартылды.
Осылайша, экспорттаушыларды қолдауға жұмсалған бюджеттік 1 теңге экспорттық келісімшарт түрінде 37 теңге әкелді. Сонымен қатар, 199 экспорттаушның 1,6 млрд. теңге шығыны өтелді.
Фото мұрағаттан алынды.