Қалдықтарды табысқа айналдыру: үйінділер мен кендерді қайта өңдеу технологиясы әзірленді

Қалдықтарды табысқа айналдыру: үйінділер мен кендерді қайта өңдеу технологиясы әзірленді

«ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалының минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының қызметкерлері «Қоңырат» кенішінің үйінділері мен кендерін қайта өңдеудің тиімді технологиясын әзірледі.

Аталмыш кен орнын пайдалану кезінде жинақталған аршылған жыныстардың, баланстан тыс және тотыққан кендердің үйінділері орасан зор техногендік объект болып табылады. Ол алып жатқан аумақтың ауданы 15 ш. ш. асады. Алайда үйінділер екі жер қойнауын пайдаланушының балансында – «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС.

«Коунрад мыс компаниясы» ЖШС 2012 жылдан бастап өзінің өндірілген кондициясыз қорларын табысты өңдеуде. Олардың құрамында негізінен тотыққан кендер бар, яғни өңдеу тұрғысынан икемді.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не тиесілі үйінділермен өзге жағдай қалыптасты. Түзуші кендердің күрделі құрамына байланысты оларды өңдеу айтарлықтай қиын. Алайда, Зертхана мамандары ұтымды шешім таба алды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенінің нәтижелері бойынша осы үйінділердің баланстан тыс кендері мен аршылған жыныстарын өңдеуге арналған технологиялық регламент әзірленді.

Ұсынылған технологияны коммерцияландыру тоғыз жыл бойында жылына үш мың тонна катодты мыс өндіруді қамтамасыз етеді.