Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

Ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру

ҚарағандыдаMiningWeek Kazakhstan’2024» тау-кенметаллургиялықкешенжәнежерқойнауынтиімдіпайдаланутехнологиялары мен жабдықтарының 19-шы халықаралықкөрмесібасталдыКөрмеаясындаҚазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты» филиалы(бұданәрі – ХМИ) ҚазақстанРеспубликасыныңферроқорытпаөнеркәсібінің даму перспективаларынталқылаубойынша семинар өткіздіСеминарғаотандықжәнешетелдікөндірістіккомпаниялар мен университеттердіңөкілдеріқатыстыҚатысушылартау-кен металлургия кешеніндамытудағығылымизерттеулердіңрөлінекөпкөңілбөлді

Жиналғандарды пирометаллургиялық процестер зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Әлібек Байсанов ферромарганецтің тазартылған сорттарын балқытудың ресурс үнемдейтін технологиясын құру нәтижелерімен таныстырды. Технология мемлекеттік қолдаудың арқасында коммерцияланды. ХМИ негізінде әр түрлі сорттағы ферромарганецтің тазартылған сорттарын (ФМн88, FeMn80C20LP және ФМн 78) өндіру құрылды 20-дан астам адам жұмыспен қамтылды. 120 тоннадан астам орташа көміртекті ферромарганец өндіріліп, сатылды.

Семинарға қатысушылар құрылған кәсіпорынның маңызды артықшылықтарының қатарында оны кез келген ферроқорытпаны балқытуға қайта бейіндеу мүмкіндігін атап өтті.