Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытында

Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытында

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы а.ж. 18 маусымында Алматы қ. «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытына келді.

Бұл жеңіл автокөліктерін өндіретін толық циклды зауыт , сонымен қатар ол «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 50 мың автокөлікті, жалпы ауданы – 40 мың ш.м. құрайды. Шағын тораптық өндірістің қуатын арттыру және дәнекерлеумен және бояумен жаңа модельдерді іске қосу үшін өндірістік алаңдарды кеңейту және өндірістік цехтарды жаңғырту жүргізілуде.

Одан бөлек, зауыттың маңында автокомпоненттер өндіретін кәсіпорындар кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы деректер бойынша, «Hyundai Trans Kazakhstan» Hyundai көліктерінің 11 моделінің өндірісін игерді, олар – Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon, i20, Custin.

Петицияны егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобы жұмыс барысымен танысу үшін жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан зауыттарды аралайды. Олардың сапары республикалық БАҚ тікелей эфирінде көрсетілді.

Жұмыс тобының құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері бар.

Петиция бастамашылары мен белсенділерінің кәсіпорынды аралауға келмегенін еске саламыз.