Қазақстан мен Еуропалық комиссияның ынтымақтастығы: «Astana Mining & Metallurgy» аясында кездесу

Қазақстан мен Еуропалық комиссияның ынтымақтастығы: «Astana Mining & Metallurgy» аясында кездесу

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріОлжас Сапарбеков Astana Mining & Metallurgy» алаңдарында Қазақстан мен Еуропалықкомиссияның пен ЕК Бас директорының бас кеңесшісі Х. Хололейдің басшылығымен сынишикізат саласында басқосуы өтті

Кездесуде тараптар ЕО – Қазақстан стратегиялық әріптестігінің 2023-2024 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысын, сондай-ақ шикізат, батареялар және жаңартылатын сутегі құнын құрудың тұрақты тізбектері саласындағы одан әрі тығыз ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Вице-министр Қазақстанда қабылданған стратегиялық құжаттар туралы атап өтті: Геологиялық саланы және өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамалары, Сирек металдар және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамытудың кешенді жоспары. Сондай-ақ сыни шикізат саласындағы жобаларға еуропалық қаржы институттарының қаражатын бөлу жоспарлары туралы сұрады.

Өз кезегінде Хенрик Хололей қазақ делегациясының сұрақтарына жауап беріп, нақты жобалармен жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.

Қазақстандық тарап 2025-2026 жылдарға арналған Жол картасына РММ зерттеу, кадрларды оқыту, әдіснамалық қолдау және өндірісті қалпына келтіру саласындағы нүктелік іс-шараларды енгізуге бастамашы болды.

Кездесу нәтижесінде тараптар келесі Жол картасының жобасын түсініп, оны әзірлеуге және қараша айында Брюссельде өтетін шикізат аптасында ресми түрде қабылдауға келісті.