Тау-кен өндіру практикасына ESG-принциптерін енгізу

Тау-кен өндіру практикасына ESG-принциптерін  енгізу

Кеше Астанада мемлекеттік орган өкілдерінің, корпорация басшыларының, халықаралық және отандық компаниялар мамандарының, сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен өтілетін «Sustainable trends Forum Kazakhstan» форумы аясында тұрақты  дамудың өзекті мәселелері және жаһандық ESG-күн тәртібі (environmental, social, governance экологиялық, әлеуметтік жауапты және корпоративтік басқару) талқыланды.  «Технология, IT арқылы ESG енгізу және адами капиталды дамыту» сессиясында техника ғылымдарының докторы, профессор, "ҚР ҰҒА" РҚБ корреспондент-мүшесі, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны « Д. А. Қонаев атындағы  Тау-кен істері  институты» филиалының тау-кен системологиясы бөлімінің меңгерушісі  Сейтғали Ғалиев сөз сөйледі.

Спикер өзінің «ESG факторларын ескере отырып, ТМК технологиялық жаңғыртудың әдіснамалық тәсілдері»  атты баяндамасында тау-кен өндірісінің тәжірибесінде ESG-прициптерін интеграциялау проблемасын ашты, оның тамыры тау-кен металлургия кәсіпорындарының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті өндірістік процестер туралы жедел, объективті және сенімді ақпараттың болмауында жатыр.

Спикер тау-кен өнеркәсібінің төмен көміртекті дамуының негізгі ықтимал бағыттары мен кезеңдерін белгіледі. Шығарындылар көлемінің (15% және одан да көп) төмендеуін қамтамасыз ететін карьерлердің геотехнологиялық кешендерінің жұмыс істеуін тиімді басқару факторларының бірі ретінде энергия шығындарын сапалы нормалаудың перспективалылығы көрсетілді. Салалық өнеркәсіптік саясатқа тұрақты негізде жүргізілуі қажет кешенді техника-технологиялық аудиттер сияқты құралды енгізу және басқарудағы процестік тәсілді ескере отырып, энергия аудиттерінің әдіснамасын жетілдіру қажеттілігі көрсетілген.

 Айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға ықпал ететін болады.