Сульфидті мыс кендерін өңдеу саласындағы жаңа жетістіктер

Сульфидті мыс кендерін өңдеу саласындағы жаңа жетістіктер

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» (ШҒЗИТтүстімет)филиалының минералды шикізатты технологиялық сынау зертханасының қызметкерлері Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 135 км жерде орналасқан Көктас кен орнының сульфидті кендерін қайта өңдеу технологиясын әзірлеп, өнеркәсіптік іске асыруға дайындады.

Әзірленген технологияны іске асыру ҚР СТ 2330-2013 бойынша КМ3 маркалы мыс құрамы 25-26% жоғары сапалы флотациялық концентрат алуға мүмкіндік береді. Қазақстанның мыс өнеркәсібі жылына қосымша 3000 тонна мыс алады.

Осы технология бойынша жоғары ілеспе күміс алуды да қамтамасыз етеді. Оның концентраттағы мөлшері 200 г/т жетуі мүмкін.