Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Беларусь өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

2024 жылғы 30 мамырда өнеркәсіптік кооперация және өзара сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Беларусь Кіші комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс Қазақстан тарапынан - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтың, Беларусь тарапынан - РБ өнеркәсіп министрінің бірінші орынбасары Александр Огородниковтың және екі елдің өнеркәсіптік кәсіпорындары мен ұйымдарының қатысуымен өтті.

Отырыста Қазақстан мен Беларусьтің кооперациялық жобаларын, оның ішінде ауыл шаруашылығы және автомобиль машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ станок жасау саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь өнеркәсібі саласындағы дамуға серпін беретін хаттамаға қол қойылды.