Ст ЭСЭМБЛИ ЖШС Петропавлда CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін кеңейтуде

Ст ЭСЭМБЛИ ЖШС Петропавлда CLAAS және HORSCH ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін кеңейтуде

СТ ЭСЭМБЛИ ЖШС Бірлескен кәсіпорны Петропавлда CLAAS және HORSCH брендтерінің ауыл шаруашылығы  техникасының өндірісін дамытуда. 2024 жылы кәсіпорын жылына 500 машинаға дейін CLAAS тракторларының желісін іске қосты, сонымен қатар Cerio, VARIO және CONVIO модельдерінің CLAAS орақтарын сериялық шығаруды бастады.

CLAAS жоғары стандарттарына сәйкес келетін көп деңгейлі бақылауды енгізудің арқасында өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорында сынақ камерасы құрылды, онда әрбір техника барлық жүйелердің құрастыру сапасы мен жұмыс істеуін кезең-кезеңімен тексеруден өтеді.

СТ ЭСЭМБЛИ ЖШС жергілікті жеткізушілермен белсенді жұмыс істейді, бұл Қазақстанда толыққанды өндірістік кешен құруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындар CLAAS тракторлары мен орақтарға арналған жиынтықтауыштарды жеткізуге шарттар жасалды.

Өндірісті дамыту бойынша бірлесе атқарған жұмыс  қазақстандық аграршыларды заманауи, тиімді және сенімді ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.