Тең серіктестер одағы «ғылыми ұйымдар – ЖОО – өнеркәсіптік кәсіпорындар»

Тең серіктестер одағы «ғылыми ұйымдар – ЖОО – өнеркәсіптік кәсіпорындар»

Үлбі металлургия зауытының 75 жылдығына арналған «Уран және сирек металл өнеркәсібін дамыту» тақырыбына өткен XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Әбдірәсіл  Жәрменов өзінің пленарлық баяндамасында «Тек даралықты ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің нығаюына қызмет етуге тиіс әлеуметтік институттардың жауапкершілігін де шайып жіберетін гибридтен айырмашылығы, олардың бірегейлігін сақтай отырып, ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау қағидатына сүйене отырып, стратегиялық маңызды басымдығы ретінде отандық өнеркәсіпке бағдарланған ғылымды дамытуға бағытталғанҚазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың саясатын іске асыруды қамтамасыз ету үшін проблемалық мәселелерді шешуге кірісуге шақырамын- деді.

 

Спикер проблемалық мәселелердің қатарына жататындар ғылымның дамуын ынталандырудың қолданыстағы шаралары, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, өнеркәсіптік кәсіпорындармен шарттық қатынастар шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезіндегі құпиялылық, қазақстандық технологияларды пайдалана отырып, табиғи ресурстарды қайта өңдеудің кешенділігі тұрғысынан кен орындарын игеруді мониторингтеу, өйткені біздің елдің Конституциясына  сәйкес, табиғи байлық халыққа тиесілі деп  айтты

 

Ә. Жәрменов «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК қабырғасында жасалған 159 технология мен әзірлемелер Қазақстанда және шетелдерде игерілгеніне баса назар аудара отырып, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындармен тиімді ынтымақтастықта жұмыс істеу  мүмкіндігін  «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК) мысалында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті және көптеген отандық және шетелдік өндірістік компаниялармен  жұмыс істейтіндеріне тоқталды.