Туған күніңмен, Қазақстан Магниткасы!

Туған күніңмен, Қазақстан Магниткасы!

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұжымы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ алғашқы шойынның 60 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Металлургиялық комбинаттың туған күні 1960 жылғы 3 шілде деп саналады, себебі дәл осы кезде  алғашқы қазақстандық шойын алынған болатын.

Талай жылдар бойы құрылысшылар мен металлургтердің күшімен заманауи Қазақстандық Магнитка жасалды! Бүгінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинаты — бұл еліміздің тау-кен металлургия секторының ірі кәсіпорны және меншікті көмір, темір рудасы мен энергетикалық базасы бар интеграцияланған кешен.

Металлургиялық комбинатта жоғары білікті қызметкерлер, білімді басшылар еңбек етеді, олардың арқасында 60 жыл бойы домна пештері үздіксіз жұмыс істеп, күрделі жөндеу және ауқымды жаңғырту шаралары жасалды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатының сенімді жұмысы-аймақтың экономикалық тұрақтылығының кепілі. Қара металлургияның флагманы уақыттың сынағынан сүрінбей өтті,  сондықтан әрдайым биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз! Қазақстан Магниткасына одан әрі өркендеу, тұрақты өнімділік және қауіпсіз еңбек тілейміз!