Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасының» салалары бойынша 65 жоба мақұлданды

Қазақстанда «қарапайым заттар экономикасының» салалары бойынша 65 жоба мақұлданды

2019 жылғы 18 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер 26,9 млрд. теңге сомасына 65 жобаны мақұлдады, 252,2 млрд. теңге сомасына 127 жоба қаралуда.

"Қарапайым заттар экономикасын" дамыту мақсатында "Қолжетімді несие беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 ҚР ҮҚ қабылданды. Осы тетік арқылы келесі салаларда жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін 600 млрд. теңге бөлу көзделген:

1. АӨК қайта өңдеу-100 млрд. теңге;

2. АӨК өндірісі-100 млрд. теңге;

3. Өңдеу өнеркәсібі мен қызметтер - 400 млрд.теңге.

Несие беру бойынша жобаларды іріктеудің негізгі өлшемі механизммен бекітілген экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар тізбесі болды. Бағдарламаға екінші деңгейлі 9 банк қатысуда.

Шарттары:

1. Қарыз алушы үшін мөлшерлеме 8%;

2. 3 млрд. теңгеден аспайтын сомаға 50% - ға дейін, 5 млрд. теңгеден аспайтын сомаға 20% - ға дейін кепілдік беру;

3. Айналым қаражатын несие сомасынан 50% дейін толтыру және т. б.

Келесі шарттар пысықталды және қабылдау сатысында:

1. Қарыз алушы үшін түпкілікті ставканы 6%-ға дейін төмендету;

2. Қарыз мерзімінің 1/3 аспайтын мөлшерде жеңілдікті кезеңді енгізу (2 жылдан және 3 айдан аспайтын));

3. Экономикалық қызметтің 45-ке жуық жаңа түрін енгізу;

4. Аграрлық несие корпорациясын Бағдарламаға қосу.

Қазіргі уақытта пысықтау бойынша ұсыныстар:

1. Айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру мөлшерін 50% - дан 75% - ға дейін немесе 100% ұлғайту;

2. Инвестицияларға, айналым қаражатын 5-7 жылға дейін толықтыруға кредит мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту;

3. Экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту және т. б.

Сонымен қатар, кәсіпорындарды қаржыландыру халық үшін қажетті тауарлар өндірісін арттыруға кепілдік бере алмайтындығы ескерілді. Бүгінгі күні жиһаз, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын дамытудың Жол карталары әзірленді және бекітілді, өйткені "қарапайым заттар экономикасы" тауарларының негізгі бөлігі осы салаларға жатады.

Көрсетілген жол карталары жүйелік кедергілерді шешуді көздейді және қосылған құнның толыққанды тізбегін құруға және өндіріс көлемінің өсуіне бағытталған.

Жалпы, жол карталары арқылы 157 іс-шара жүзеге асырылады. Негізгі бағыттар: жұмыс істеп тұрған өндірістерді шикізатпен қамтамасыз ету, тауарлардың заңсыз айналымына қарсы күрес, мемлекеттік сатып алу саласындағы шаралар және қазақстандық мазмұн үлесін арттыру, техникалық реттеу шаралары, экономикалық ынталандыру шаралары, жүйелі қолдау шаралары, саланы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ішкі нарықта жылжыту, жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңа өндірістерді іске асыру, инвестициялық жобаларды іске асыру.

Бұдан басқа, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, әр өңірде ұқсас жобалық кеңселерді құрумен "қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту бойынша жобалық кеңсе құрылды. Негізгі міндет - бағдарламаны іске асыру барысын бақылау, сондай-ақ туындайтын проблемаларды, соның ішінде бизнеспен бетпе-бет туындайтын проблемаларды шешу.