
2019 жылғы 26 маусымдағы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ.Ержановтың төрағалығымен «Өркен» ЖШС проблемалық мәселелер және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қара металлургияны дамыту бойынша кеңес өтті.
«Өркен» ЖШС-тың Лисаков филиалында темір кендерін дефосфоризациялау жағдайы туралы мәселелер қаралды. «Өркен» ЖШС ұсынысы бойынша, Әбішев атындағы химия-металлургия институтына Лисаков кен орнында темір кендерін дефосфоризациялау бойынша ҒЗТКЖ жүргізсін деп шешім қабылданды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Өркен» ЖШС-мен бірлесіп іздеулік зерттеулерді қаржыландыруды қарастырсын.
Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта өндіріс көлемін төмендету; металлургиялық комбинаттың көмірін тұтынуды азайту; көмір сапасының төмендігі; қоймаларда кеннің үлкен көлемін жинақтау және ағымдағы жылдың соңында келесі көрсеткіштерге: Болат департаменті – 112%-ке; Көмір департаменті – 103%-ке; Кең департаменті – 104%-ке қол жеткізу қажет екендігін ескертілді.
ҚР МИИР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі-ҚЗЖТ) «Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу шеңберінде металды қыздыру бойынша тапшылықты болдырмау мақсатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаментін газдандыру мәселесі бойынша кеңес ұйымдастырсын.
Сондай-ақ, көмір концентратты Украинаға тиеу және темір жолдардың су басуына байланысты Кентөбе кен орнынан тиеуді тоқтата тұру туралы мәселелер қозғалды.
Кентөбе кен орнынан концентратты тиеуге арналған темір жолдардың өткізу қабілетін және қайта қалпына келтіру бойынша Көлік комитеті мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес ұйымдастыру тапсырылды.