
2019 жылғы 27 маусымда Ұлттық экономика министрлігі, Облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А. Ержановтың төрағалығымен коммуналдық тұрмыстық сектор және халықты көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында коммуналдық тұрмыстық сектор және халықты көмірмен қамтамасыз ету бөлігінде жылу маусымына дайындық мәселелері талқыланды.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде Министрлік 2019-2020 жылдарға арналған коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір тұтыну жоспарын қалыптастырды.
Кейбір жергілікті атқарушы органдар коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға көмір дайындауға кірісіп кетті. Мысалға: Алматы облысы – 292,2 мың тонна, СҚО – 21 мың тонна, Павлодар облысында – 20 мың тонна.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік қажеттілік халық үшін көмір жеткізу басталды.
Жергілікті атқарушы органдарға:
- шілде айынан бастап коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір дайындау бойынша жұмыстарды бастау;
- көмір сатып алуға тендерлерді жариялау және коммуналдық тұрмыстық секторды және халықты қажетті көлеммен және сапамен қамтамасыз ету;
- өңірлердің көмір өніміне тұтыну жоспарын ұстану;
- көмір тапшылығын жою мақсатында өңірлердегі жеткізушілермен белсенді өзара әрекет ету;
- коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір жеткізуді тұрақты негізде мониторингілеу;
- көмір сапасының белгіленген нормаларын ұстану үшін қолданыстағы стандарттарды тұрақты басшылыққа алу;
- көмірді сату орындарын және ол жерде көмірдің болуы туралы халыққа түсіндіру үшін желі құру;
- шынайы емес ақпараттарды таратуды болдырмау бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халық үшін көмір бағасының негізссіз өсуін жою үшін монополияға қарсы ведомствасының өңірлік құрылымдарын тарту ұсынылды.