
Бүгін Астанада Қазақстанның тау-кен металлургиялық компанияларының бастамасымен «Қазақстандық өнім жасаймыз» форумы өтті.
«Тау-кен саласы жер қойнауын пайдаланушыларының бүгінгі форумы әріптестік құру алаңына айналып отыр. Бұл жерде ірі кәсіпорындар тек тапсырыс берушілер ретінде ғана емес, сонымен қатар өз өнімдерін жеткізушілер ретінде де көрсете алады», - деді Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.Айдарбаев өзінің құттықтау сөзінде.
Өз баяндамасы аясында А.Айдарбаев отандық бизнестің мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларын қолдануға және барлық қатысушыларды «Қазақстанда жасалған» белгісі бар өнімдерін таңдауға кеңес берді. Оның айтуынша, «Қазақмыс» корпорациясы жобалық қуаттылығы жылына шамамен 60 мың тонна болатын кабельдер шығаратын мыс сымының ірі өндірушісі болып табылады, алайда отандық кәсіпорындардың импорттық өнімдерді сатып алуына байланысты компания тек 10-15 мың тонна өнім шығарады.
Форум аясында отандық өндірушілер шығаратын өнімдерді көрсетуге бағытталған көрме ұйымдастырылады. Көрменің мақсаты - жергілікті өндірушілерге назар аудару және қазақстандық индустрияның мүмкіндіктерін көрсету.
