
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен 2017 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Костанайнефтепродукт» ЖШС қауіпті өндірістік объектісінде - Арқалық мұнай қоймасында айрықша тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.
2017 жылғы 5-ші қыркүйектен бастап 29 қыркүйек дейін жүргізілген тексеру нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік- құқықтық және нормативтік актілерінің 10 бұзушылықтары анықталды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін заңды тұлға 50 АЕК, жеке тұлға 5 АЕК (қысқартылған түрде) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қауіп дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлеріне сәйкес, «Костанайнефтепродукт» ЖШС қауіпті өндірістік объектісінде - Арқалық мұнай қоймасындағы айрықша тәртіп бойынша тексеру жүргізу нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 2 дөрекі бұзушылық анықталды, бұл Критерийлердің 17 тармағының 2 тармақшасына сәйкес «Костанайнефтепродукт» ЖШС айрықша тәртіптен босатпайды.