
«Қазгеология» АҚ Степногорск қаласына жақын іздеу алаңында заманауи тікұшақ жүйесімен «Triumph Instruments» компаниясының AirTEM электрлік барлау кешенімен аэрогеофизикалық жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс көлемі 700 қума метр.
Соңғы жылдары әртүрлі елдерде мемлекет қаражаты мен қаржы институттарының гранттары есебінен осы елдердегі өңірлерді дамыту әрі олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін озық аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізілуде.
Мұндай аэрогеофизикалық зерттеулерді орындау үшін «Қазгеология» АҚ Қазақстанға Triтағы бір жаңа AirTEM технологиясын әкелді.
«2014 жылы біз Канаданың «Geotech Ltd.» аэрогеофизикалық компаниясымен бірлесіп, «ҚазГеоТех» ЖШС-мен бірлескен кәсіпорнын құрдық. Ол ZTEM және VTEM сияқты бірегей технологияларды пайдаланады. «Triumph Instruments» компаниясының AirTEM электрлік барлау кешенімен аэрогеофизикалық жұмыстарын жүргізуді бастады. Осылайша, Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылар үшін таңдау жасауға мүмкіндік беретін аэрогеофизикалық жабдықтардың көптеген түрлері пайда болады. Бұл тәжірибелік-сынау аэрогеофизикалық жұмыстары жер қойнауын пайдалану учаскелерінің тартымдылығын арттыру үшін жүргізілуде. Өйткені, оларда кен бар геофизикалық аномалияларды анықтау барысында олар мемлекетке беріліп, кейін оларды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі аукционға шығаратын болады.» - деп атап өтті «Қазгеология» АҚ Басқармасының төрағасы Ғалым Нұржанов.
Бұл AirTEM технологиясының бірегейлігі сол: белгіленген аумақтың үстіңгі бетін де, тереңдіктегі бөлігін де бір мезгілде талдауға мүмкіндігі бар. Ал басқа жүйелерде 400 метрге дейінгі тереңдікте осы міндетті орындау үшін әртүрлі кешендерді пайдалану қажет. Негізгі екі жиілікпен жұмыс істеу режимі – онда неғұрлым жоғары жиілік үстіңгі қатпарды толық қамтуға мүмкіндік береді және шығарылатын сәуленің төменгі жиілігі белгіленген аумақтың тереңдігін көрсететін екі жиілігі бар генераторды қолдану есебінен сол аумақты неғұрлым жоғары деңгейде бөлуге мүмкіндік береді.
Қатты аспалы платформа әртүрлі ұшақтарды пайдаланғанда AirTEM бастапқы деректерінің шуылының деңгейін төмендетеді және жергілікті жердің бедері көп қиылған әрі желдің жылдамдығы 10 адымнан (5 м/секундтан астам) асқан жағдайда да жұмыс істеу қабілетін сақтайды.
«AirTEM (диаметрі 9 м) қолайлы көлемі дала жағдайында оны оп-оңай өрістетуге мүмкіндік береді. Мұның өзі түсірудің тиіміділігін арттырады. Қатаңдылығы шамалы немесе орамасы үлкен жүйелермен салыстырғанда, біздің технология жаңа пилоттарды даярлау және жүйені әртүрлі ұшақтарға орналастыру кезінде неғұрлым берік болады. «Қазгеология» АҚ әріптесіміз болғандықтан, оған біздің технологиямыздың тиімділігін, жабдықтарымыздың мүмкіндіктерін көрсету үшін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізетін алаң беруді сұрадық. Аэрогеофизикалық жұмыстар біздің компания есебінен жүргізілетінін баса көрсеткім келеді.» - деді «Triumph Instruments» компаниясының Президенті Стив Балч.
«Triumph Instruments» 2007 жылы құрылған, аспаптар жасау компаниясы. Ол жаңа әрі инновациялық аэро, жер бетіндегі және ұңғымаға арналған геофизикалық аспаптар жасаумен әрі оларды дамытумен айналысады. Бұл компанияның жабдықтары Канадада, АҚШ-та, Перуде, Қытайда және Мексикада табысты пайдаланылуда.
Анықтама ретінде.
2014 жылы «Geotech Ltd.» аэрогеофизикалық канада компаниясымен бірлесіп, «ҚазГеоТех» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылды.Оның жарғылық капиталына қатысу үлестері: Geotech Ltd 51%, АО «Қазгеология» - 49%. Қазақстанда құрылған «ҚазГеоТех» ЖШС бірлескен кәсіпорны аэрогеофизикалық зерттеулер орындайды:
1. Дәлдігі жоғары магнитометрия, магнитті градиентометрия менгаммаспектрометрия, аэрогеофизикалық зерттеулердіңстандарттыкешені (ұшақпен түсіру).
2. Аэроэлектрмен барлау. Тіркелетін электр өрістерінің тұрпаты мен физикасы бойынша «ҚазГеоТех» ЖШС2 бірегей технологияны әзірлеп шығарды:
-VTEM жүйесі өтпелі процестер әдісімен тікұшақтан түсіру жүргізуге арналған жүйе. Пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін іздеу және іздеу-барлау кезеңдерінде масштабы ірі әрі тәптіштелген түсіру жүргізу кезінде пайдаланылады. Зерттеулер 800 метрге дейінгі тереңдікте жүргізіледі. Осындай жүйелердің ішінде VTEM жүйесі өзінің кең ауқымды, әмбебап мүмкіндіктері және техникалық параметрлерді бірегей үйлестіруі бойынша ең үздік технология болып табылады.
ZTEM жүйесі бүкіл дүние жүзінде оған ұқсас ештеңе жоқ патенті бар жүйе. ZTEM жүйесі жердің табиғи айналмалы электромагниттті өрісін тербелту әдісімен (күннің күркіреуі, найзағайдың жарқылы) түсіруді орындауға арналған бірден бір, ерекше жүйе. ZTEM жүйесі тереңдікте геологиялық карта жасау, сондай-ақ электр өткізгіштігі өте жоғары жергілікті объектілерді табу үшін геологиялық құрылымдарды, түйісулерді және тектоникалық аймақтарды қадағалау.Жүргізілетін зерттеулердің тереңдігі 1,5 км.



