Жаратылыстану ғылымдарын дамытудың өзекті мәселелері

Жаратылыстану ғылымдарын дамытудың өзекті мәселелері

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында қазақстандық ғалымдар Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан ғалымдарымен қатар ұйымдастырушы ел ретінде И. Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде өткен жаратылыстану ғылымдарын дамытудың өзекті мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. (Ташкент, Өзбекстан Республикасы). ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші және жас ғалымдары бұл салада табысты жұмыс жүргізуде.

Бас ғалым хатшы, техника ғылымдарының докторы, профессор Светлана Ефремова Конференцияның ұйымдастыру комитеті мүшелерінің өтініші бойынша пленарлық отырыста тау-кен металлургия саласының негізгі міндеттерін шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының қызметі туралы баяндама жасады. Тыңдаушылар арасында алтынқұрамды  шикізатты  өңдеу, сирек металдар мен флотореагенттерді өндіру, қалдықтардың әртүрлі түрлерін, әсіресе Өзбекстанда жетіп артылатын, күріш қыбығын өңдеу саласындағы зерттеулер бойынша сұрақтар үлкен қызығушылық тудырды

Жас ғалым, PhD докторанты Асхат Қабланбеков әріптестерімен «Жаңа селективті композициялық сорбент пен ресурс үнемдейтін жоғары температуралы материал ала отырып, кокс және күріш өндірістерінің өнеркәсіптік қалдықтарын кешенді қайта өңдеу технологиясын әзірлеу» жобасы шеңберінде орындалатын ренийді сорбциялық алу үшін күріш қабығынан сорбенттер алу жөніндегі өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Қазақстандық ғалымдар ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылау үшін Азия Халықаралық университетіне (Бұхара, Өзбекстан Республикасы) шақырылды. Кездесудің қорытындысы бірінші басшылар «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры, академик, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты Әбдірәсіл  Жәрменов пен  Азия Халықаралық университетінің ректоры Сухроб Дехкановтың деңгейінде қол қою үшін өзара түсіністік туралы меморандум жобасын әзірледі.