
Индустрияландыру жылдары елімізде тау-кен машиналарын жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Өндіріс 1,7 есе, экспорт 1,8 есе өсті.
Толық айналмалы машиналар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары, шахта вагоншалары, ұсақтау жабдығы сияқты өнім түрлері игерілді, сондай-ақ тау-кен өндіру бағытындағы машиналар мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер өндірісі жолға қойылды («Мэйкер» ЖШС).
Тау-кен машиналарын жасауда 2020 жылдың 5 айында 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Тау-кен машиналарын жасаудың негізгі кәсіпорындары - Алматы ауыр машина жасау зауыты, Қарағанды құю-механикалық зауыты, Қазцинкмаш, Құрылысмет, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, КазКарбон.
Еліміз бойынша Индустрия 4.0 элементтерін енгізген алғашқы кәсіпорындардың бірі - Қарағанды қаласындағы «Мэйкер» ЖШС.