
Еуропалық жаңару және даму банкінің бөлген гранты аясында биыл 20 қарашасынан бастап CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар жөніндегі есептіліктің халықаралық жүйесі бойынша қазақстандық мамандарды оқыту басталды. Оқу бағдарламасы халықаралық стандарттарды енгзуді қолдау үшін қазақстандық мамандарға арнайы дайындалған.
Семинар лекторлары «Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының мамандандырылған бірлестігі» Қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Николай Еньшин және Георгий Фрейман, сонымен қатар 40 жылдан аса тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі тәжірибелі маман және Лондон, Торонто, Нью-Йорк және Гонконг биржаларында ірі тау-кен өндіру компанияларды листингілеу үшін 30-дан аса CPR (құзіретті тұлғалар есебі) дайындауда басшылық еткен, Материалдар, минералдар және тау-кен өндіру өнеркәсіп институтының (FIMMM) корреспондент мүшесі, Lloyd’s Register және Adam Smith International компания бірлестігінің кеңесшісі, Phoenix Consultants басқарушы директоры және жетекші тау-кен инженері – Джон Стефан Уорвик (John Stephen Warwick) (Ұлыбритания).
CRIRSCO жүйесі бойынша оқуға қатысуға әртүрлі мемлекеттік органдардан, 32 жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан, еліміздің барлық аймақтарынан 4 институттан 227 маман ниет білдірді.
Биыл 27 қарашасынан бастап SPE-PRMS мұнай ресурстарын басқарудың халықаралық жүйесі бойынша ұқсас курстар жүргізіледі. Онда түрлі мемлекеттік органдардан, ассоциация, 7 жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан және 7 институттан 80 адам қатысады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлт жоспары-100 нақты қадам бағдарламасының 74-қадамының шегінде CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар қоры және көмірсутегі шикізат қорлары бойынша халықаралық стандарттар жүйесін енгізу қарастырылған. Оларды заңнамалық тұрғыда бекіту «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасы күшіне енгеннен кейін жүзеге асады.
