ҚАБЫҚТЫ – ПАЙДАҒА ЖАРАТУ КРЕМНИЙ КӨМІРТЕКТІ НАНОКОМПОЗИТТІҢ САРҚЫЛМАС МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚАБЫҚТЫ – ПАЙДАҒА ЖАРАТУ КРЕМНИЙ КӨМІРТЕКТІ  НАНОКОМПОЗИТТІҢ САРҚЫЛМАС МҮМКІНДІКТЕРІ

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің «ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта  өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы»  РМК ғалымдары күріш қабығынан бірегей кремнийкөміртекті  нанокомпозит жасады.

Күріш қабығы  – бұл күріш өндірісінің қалдықтары, планета халқының көп бөлігінің негізгі тағамы. Күріш массасының 20% құрайды,  күріш қабығында   маңызды элементтер – көміртегі мен кремнийдің болуына байланысты жаңартылатын шикізат болып табылады.

Осы материалдың табиғи артықшылықтарын пайдалана  және сонымен бірге оның көп тонналық түзілімдерінің зиянды салдарын жою мақсатын көздей отырып (күріш қабығы кәдімгі өсімдік қалдықтары сияқты шіріп кетпейді), ғалымдар полифункционалды кремнийкөміртекті  нанокомпозитті алатын    өңдеу технологиясын жасады

Кремнийкөміртекті нанокомпозит резинатехникалық бұйымдар мен  үйкеліс материалдарының толтырғышы, кремний мен ферроқорытпаларды өндіруге арналған шикізат ретінде жұмыс істейді. Оны ауыл шаруашылығында да қолдануға болады.

Ғалымдар кремнийкөміртекті өнімді алу технологиясының қыр–сырымен және қолданудың сарқылмас мүмкіндіктері туралы өткен аптада  AlmaU университетінде (Алматы),  Deep Tech Innoboost Қыс-2024 коммерцияландыру бағдарламасы бойынша өткен  жобалар көрмесінің қатысушыларымен бөлісті. Бұл жұмыс шынайы қызығушылық тудырды - деп атап өтті «Ғылым қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Камиль Ақатов.