Технологиялық құбырларға гидравликалық сынақ жүргізілді

Технологиялық құбырларға гидравликалық сынақ жүргізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Атырау мұнай өңдеу зауыты объектілерінде цех инженерлерімен, техникалық қадағалау бөлімінің мамандарымен және ABE&K тәуелсіз техникалық қадағалау ұйымының уәкілдерімен бірлесіп технологиялық құбырларға гидравликалық сынақ жүргізді.

Сынақ жүргізу–технолгиялық құбырлар мен жабдықтардың тығыздығы мен мықтылығын тексеру мақсатында жүргізілетін бақылаудың кеңінен қолданып келе жатқан әдісі. Бұл техникалық құрылғылардың сенімділігіне көз жеткізуге қажетті процедуралардың бір түрі.

Әрбір құбырды гидравликалық сынақтан өткізу қарастырылған. Сынау қысымы құбырдың нормативтік – техникалық құжаттарында көрсетіледі. Технологиялық құбырларды гидравликалық сынау технологиялық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына сәйкес жүргізіледі.

Технологиялық құбырларға өнеркәсіп кәсіпорынының аумағында жататын құбырлар кіреді. Оның ішінде  зауытаралық құбырлар және технологиялық процестерде жабдықтарды пайдалануда қамтамасыз етуде   шикізат, мұнай өнімдері, жартылай фабрикаттар және дайын өнімдер, бу, су, жанармай, реагенттер және де басқа заттар тасымалданады.