Қоғамдық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қаралды

Қоғамдық кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму жөніндегі Қоғамдық кеңестің 20-шы отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің отырысында Министрліктің 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бойыншаИнвестиция және Автомобиль жолдары комитеттерінің есептеріжәнеМинистрліктің этикаға жауапты өкілінің қызметкерлердіңЭтикалық Кодексті сақтауы жөніндегі есебі тыңдалды.

Комитеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары Министрліктің іс-шаралар жоспарына, белгіленген арнайы жұмыс топтарымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың ішкі жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Комитеттердің мәліметтері бойынша, жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтар жоқ. Комитеттердеазаматтарға сыбайлас жемқорлық құқығын бұзу фактілері туралы хабарлауға мүмкіндік беретін«сенім телефоны» бар. Биыл комитеттердің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқығын бұзутуралы аталған телефон арқылы шағымдар тіркелмеген.
Сонымен қатар, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөнінде қосымша шаралар ұсынды.

Инвестициялар комитеттің төрағасы м.а. Ербол Тасжүреков өзінің баяндамасында құқықтық мониторинг кезінде қолданыстағы заңнаманың кемшіліктері, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда сыбайлас жемқорлық факторлары анықталғанын атап өтті.

Өнеркәсіптік аймақтарды реттеудегі құқықтық кемшіліктерді болдырмау, әлеуетті қатысушылардың АЭА мен ИА аумағында қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және осындай процестердің ашықтығын арттыру үшін Комитет арнайы экономикалық және индустриалық аймақтар туралы Заң жобасын әзірледі.

Бүгінгі күні Заң жобасы ПӘ және ПМК бөлімдерімен келісілді және айдың соңына дейін оны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу жоспарлануда.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп сауда-саттықтың электрондық форматына өту мәселесіне Комитеттің жоспарлары туралы айтып берді.

Комитет сондай-ақ, бүкіл процесті электронды түрде жазу арқылы зертханалық сынақтар мен өндірістік алаңдардағы бақылау шаралары аясында «Облжоллаборатория» ММ материалдарының сапасы мен материалдарының сараптамасын жүргізудің электрондық дерекқорын әзірлейді.

Деректер базасында жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау нәтижелері болашақта түзету мүмкіндігімен бір рет жазылады. Бұл шара деректердің бұрмалану фактісін барынша азайтады.

Қазіргі уақытта бұл база еліміздің үш өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай) пилоттық режимде сынақтан өткізілуде.