Әдеп Кодексін сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті

Әдеп Кодексін сақтау мәселелеріне арналған семинар өтті

Жалпы құқықтық окыту аясында 2016 жылдың 27 қарашасында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Қазақстан Республикасы Әдеп Кодексі нормаларын сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар болды.

Дәріскер ретінде дәріс оқыған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Мұқанов.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларының және Әдеп жөніндегі уәкілі институтының өзекті мәселелері талқыланды.

- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын, өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін мен ашықтығын қамтамасыз етуге;

- азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;

- қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін рттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға ықпал ететін мемлекеттік қызметші мінез-құлығының жалпы стандарттары айтылды және семинардың қатысушыларына түсіндірілді.

Қызметтен тыс уақыттағы мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (әлеуметтік желілерде өз ұстанымын білдірудегі көрсетілген норманны орындауды байқап отыру аса маңызды) сөйлеумен байланысты мінез-құлқы мәселесіне арнайы назар аударылды.