ҚР ИДМ Жауапты хатшысы «Еңбегі сіңген метролог» атағын қалпына келтіру туралы ұсыныс жасады

ҚР ИДМ Жауапты хатшысы «Еңбегі сіңген метролог» атағын қалпына келтіру туралы ұсыныс жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалар жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов «Еңбегі сіңген метролог» атағын қалпына келтіру және оның құрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің наградасын қосуды ұсынды.

«Қазіргі уақытта республикадағы кәсіпорындарда 7000 метролог жұмыс істейді. 2003 жылдан бастапреспубликадағы метрологиялық қызмет мамандары «Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісімен марапатталды.   Аталған марапат отандық метрологияны дамытуғақосқанүлесі және өлшембірлігін қамтамасызету бойынша халықаралық жұмыстар ұйымдастырып атқарғаны үшін беріліп келді. Алайда, 2011 жылдан бастап ведомстволық белгілердің қысқаруына байланысты  республиканың метрологтарын өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жалғыз төсбелгімен кәсіби ынталандыру мүмкіндігі жойылды»,-деп хабарлады З.Сағынов.

«Еңбегі сіңген метролог» атағын беру халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Мысалы, «Еңбегі сіңген метролог» атағы Ресей Федерациясында, Украинада және басқа да ТМД елдерінде беріледі.   

Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы Замир Сағынов Мемлекеттік метрологиялық кәсіпорындар ЕурАзиялық ынтымақтастығы (КООМЕТ) шеңберінде «КООМЕТ Еңбегі сіңген метролог» төс белгісі осы ұйымның белсенді қатысушыларына беріледі. Яғни, аталған халықаралық ұйымды жетілдіруге, дамытуға қосқан жеке еңбегі мен қол жеткізген нәтижелері үшін ынталандыру болып саналады. Осы атақпен Қазақстан Республикасынан 6 адам марапатталған, деп хабарлады.

«Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісін беру республикадан қаржылық шығын қажет етпейді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіндегі Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық мәселелер жөніндегі сараптама кеңесінің отырысында мақұлданған.

«Еңбегі сіңген метролог» төсбелгісін қалпына келтіру екі кезеңнен тұрады. Олардың бірі материалдарды Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық мәселелер жөніндегі сараптама кеңесінің қарауы және екінші Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық мәселелер жөніндегі Республикалық комиссияның қарауы.