
28 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты аукцион түріндегі конкурс өткізілді. Барлығы акционға 109 жер қойнауы учаскесі қойылды. Соның ішінде пайдалы қазбалар бойынша:
Аукционға негізінен геологиялық барлау жұмыстарын қажет ететін жер қойнауы учаскелері шығарылған.
Өтініштерді қабылдау 2017 жылғы 27 қарашада аяқталды.
Өтініштерді қарастыру нәтижесінде 58 жер қойнауы учаскесі бойынша соның ішінде 50 объекті геологиялық барлау жұмыстарына, 9 өндіруге арналған кен орындары иелену бойынша 101 компания қатысуға жіберілді.
Жеңімпазды анықтаудың жалғыз және басты критериі болып қатысушылармен ұсынылған қол қойылған бонустың анағұрлым үлкен мөлшері болып табылады.
Жалпы көлемі 100 млн астам теңгені құрайтын, 58 жер қойнауы учаскесінің ішінен 56 жер қойнауы учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпы қол қойылған бонус 4 млрд. теңгеге дейін сомманы құрады.
Аукционның жеңімпазымен жалпы мерзімі 6 жылды құрайтын келісімшарт жасалады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағын келісімшартта көзделген мақсатта ғана пайдалануы тиіс.
Аукционнан геология саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық зерттелуді жоғарылату, Республикалық және жергілікті бюджетке салықтық төлемдер, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті қамтуды дамыту, жергілік халық ішінен мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестікке даярлау сынды әлеуметтік-экономикалық пайда күтілуде.
Анықтама. Жер қойнауын учаскесіне аукцион бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы – бұл ең алдымен келісімшарт аумағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруы болып табылады, ол негізінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге қатысты, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарға арналады.

