Энерготиімділікке жол

Энерготиімділікке жол

12 наурызда Көкшетау қаласында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ қолдауымен «Ақмола облысының энергетика және ТКШ басқармасы» ММ – мен бірлесіп, 2023 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бағалауға, сондай-ақ 2024 жылға арналған жоспарларды талқылауға арналған маңызды жиналыс өтті.

Жиналыс барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, МЭТ субъектілерінің міндетті энергия аудиті рәсімінен өтуі, жүргізілген энергия аудитінің қорытындылары бойынша іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және энергия үнемдеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері қаралды.

Кеңес Ақмола облысы энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Ақжол Қылышбаевтың төрағалығымен өтті. Институттан Мемлекеттік энергетикалық тізілім департаменті директорының орынбасары Ерлан Боқаев қатысты.

 

Сондай-ақ, «Тыныс» АҚ, «Көкшетау минералды сулары» АҚ,  «Ш. Уәлиханов атындағы КУ» КЕАҚ, «Көкшетау Энерго» ЖШС, Ақмола облысының білім басқармасы және басқалары сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты, бұл мемлекет пен бизнес арасындағы энергия үнемдейтін және энергия тиімді жобаларды іске асырудағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді.

Бұл іс-шара қаланың және жалпы елдің тұрақты даму жолындағы маңызды кезең болды. Қатысушылар одан әрі ынтымақтастыққа және энергетика саласындағы инновациялық шешімдерді енгізуге дайын екендіктерін білдірді.